Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті

Биыл Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті

2024 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Оның айтуынша, былтыр ел экономикасы 5,1 пайызға өсіп, рекордттық көрсеткішке жеткен. 

«Биыл Қазақстан экономикасы төрт пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар инфляция төмендегенін көріп отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен. Десек те, біз таргеттен 70 пайыз алыспыз. Сондықтан монетарлық саясат қатаң талапты қажет етеді», – деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендегенін атап өтті.

«Елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, 4,6 пайыз. Жалақы да өсіп жатыр. Орташа еңбекақы 11,3 пайызға көтерілді», – деді Тимур Сүлейменов.

Ұқсас материалдар