17 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 489,99 теңге деңгейінде болды.
Бұл доллардың бір күн ішінде 1,91 теңгеге төмендегенін көрсетті. Айырбастау орындарындағы орташа валюта бағамдары:
Доллар: сатып алу – 488-492 теңге, сату – 492-495 теңге;
Еуро: сатып алу – 575-580 теңге, сату – 582-588 теңге;
Рубль: сатып алу – 6,35-6,40 теңге, сату – 6,44-6,47 теңге.
Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерс бағасы ICE биржасында баррель үшін 68 АҚШ доллары деңгейінде екенін де айта кетейік.





