Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Егер сіздің атыңызға алаяқтық несие рәсімделсе не істеу керек?

Егер сіздің атыңызға алаяқтық несие рәсімделсе не істеу керек?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атыңызға алаяқ несие рәсімдегенде не істеу керектігін түсіндірді. 

1.

ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МҚҰ-ға (КРЕДИТОРҒА) ХАБАРЛАҢЫЗ

Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз және мыналар жөнінде:

картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;

сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.

Жазбаша жолданым бойынша - оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз

Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін қажет.

2.

БАРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ

Барлық ақпаратты дереу тіркеңіз - бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет. Мыналарды:

– сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);

- СМС және растау кодтарын;

- қоңыраулар мен хат алмасулар (мессенджерлерді қоса алғанда);

- кредиторды хабардар етуді;

- шоттар бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін сақтап қойыңыз.

Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.

3.

ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНІҢІЗ

eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.Өтініште мыналар көрсетіледі:

кредиттің күні мен сомасы, кредитордың атауы;

ресімдеу мән-жайлары;

алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі байланыстары;

қолда бар материалдар (скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).

СДТБТ-де тіркелген сәттен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалады

4.

ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНУ НЕ БЕРЕДІ?

Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.

Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.

Маңызды: құжатта кредит сомасы, рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек

Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.

Қажет болған жағдайда кредитор мән- жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы

Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.

Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз. 

5

АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?

Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді.

Есептен шығару, егер бір уақытта:

- алаяқтық фактісі;

- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.

Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі  қолданылады.

Ұқсас материалдар