
2024-2025 жылдары маркетингтік кезеңде 10,2 млн тонна астық экспортталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды.
«2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі маркетингтік кезеңде темір жол арқылы барлығы 13,3 млн тонна астық тасымалданып, соның ішінде 10,2 млн тоннасы экспортқа бағытталды. Осы уақыт аралығында 1670 астық маршруты жасақталып, жөнелтілді. Негізгі экспорттық бағыттар – Қытай, Орталық Азия елдері және Ақтау порты. Тасымалдауды қамтамасыз ету үшін шамамен 13,8 мың мамандандырылған астық вагоны пайдаланылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Сондай-ақ 16,5 мың жабық вагон мен ТМД елдері операторларының 2 мыңнан астам вагоны тартылды», – делінген министрлік ақпаратында.
«Қазақстан темір жолы» Достық – Мойынты, Бейнеу – Ақтау, Жетіген – Алтынкөл, Семей – Павлодар және басқа да негізгі темір жол бағыттарын жаңғыртуға арналған ауқымды бағдарламаны іске асырып жатыр. Бұл жобалар желінің өткізу қабілетін арттыруға және тасымалдау тиімділігін көтеруге бағытталған.
Логистикалық үдерістерді жедел үйлестіру үшін компанияда астық штабы жұмыс істейді, сондай-ақ өңірлік бөлімшелерде арнайы астық топтары құрылған.