
Алматы. 5 қараша. 7kun.kz – Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-қазанында Астана қаласының экономикасына 662 972 млн теңге несие берілді, оның ішінде шағын кәсіпкерлік нысандары 105 293 млн теңгеге несиелендірілді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
«2018 жылдың екі тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны 335 832-ні құрады, ол 2017 жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда 6% артық», - делінген Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпаратында.
Бұған қоса, елордада ШОК нысандарымен тауар шығару көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) артып, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 167 715 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9 % артық.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-маусымында жасаған ЖӨӨ-дегі жалпы қосылған құнының үлесі 58,5% құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 11,0 %-ға артқан.