Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай терминалында болған дрон шабуылына қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мұнайын экспорттау бағыттарында ешқандай шектеу жоқ.
Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттарымен қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүріп жатыр. Сонымен қатар ведомство Ресейдің «Транснефть» компаниясымен тұрақты байланыста екені хабарланды.
Барлық тасымал процесі министрліктің бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін дрондар Новороссийскідегі «Шесхарис» мұнай тасымалдау кешеніне шабуыл жасаған еді. Шабуыл салдарынан мұнай базасы мен жағалау инфрақұрылымына зақым келген. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





