Еуразиялық банк президентке ИИ-жобалары мен Eurasian Drive сервисін таныстырды

1 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 көрмесінде Еуразиялық банктің цифрлық жобаларымен танысты.
Банк басқарма төрайымы Ляззат Сатиева соңғы екі жылда жасанды интеллект (ИИ) технологиялары клиенттерді қорғау, қызметтерді жекелендіру және процестерді жеңілдету үшін белсенді енгізіліп жатқанын айтты.
-
Антифрод жүйесі 2,5 мыңнан астам алаяқтық операцияны тоқтатты (жалпы сома – 307 млн теңге).
-
Мобильді қосымшадағы NPS көрсеткіші 42%-дан 52%-ға өсті.
-
Кепіл мүлкін бағалау дәлдігі – 94%.
Сондай-ақ, жаңа Eurasian Drive сервисі таныстырылды. Ол арқылы автосалонда тұрып-ақ несие рәсімдеп, көлікті тіркеуге болады. Бұрын 3 күн алатын рәсім 2–3 сағатқа, ал көлік тіркеуі 30 минутқа дейін қысқарған.
Жобаға 60-тан астам автосалон қосылып, 100-ден астам клиент қызметті пайдаланды.
Президент көрмеде отандық компаниялардың ИИ саласындағы бастамаларын жоғары бағалап, цифрлық даму қарқынын атап өтті.