Еуразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Дүйсен Мерғалиев компания президенті болып тағайындалды.
Бұған дейін компанияны басқарған Валерий Гриненко «Сколоов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ басшылығына ауысқан.
Мерғалиев түрлі жылдары AES, ДТЭК, Востокэнерго, Rolls Royce IOPL компанияларының басшылық құрамында қызмет атқарған. ERG-де 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы кезде энергетика департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.
Айта кетейік, Еуразиялық энергетикалық корпорация Қазақстандағы ең ірі көмір мен электрэнергиясын тасымалдаушылардың бірі. Кәсіпорын үлесіне елдегі көмір өндірісінің 20% тиеселі. Құрамында Ақсу электрстанциясы, «Восточный» көмір кеніші мен жөндеу-өндірістік бағытындағы құрылымдар бар.