Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ЕуроОдақ Қазақстандағы банктерге де санкция салды

ЕуроОдақ Қазақстандағы банктерге де санкция салды

Еуропа Одағына мүше елдер Ресейге қарсы санкцияларының 19-жиынтығын мақұлдады.

Reuters мәліметінше, шектеуге іліккендар арасында Ресей ғана емес, Қазақстан мен Беларусь банктері де бар. Брюссель оларды Мәскеуге салынған санкияларды айналып өтуге көмектесті деп есептейді.

Әзірге Еуропа елдерінің шектеуіне ілінген қазақстандық банктер туралы нақты мәлімет жарияланбады. Ресми тізім құжат толық бекітілгеннен кейін ғана көпшілік назарына ұсынылады. Алайда ЕО басшысы жаңа шектеулерге қатысты мәлімдеме жасап үлгерді.

«ЕО-ға мүше елдер Ресейге қарсы санкциялардың 19-жиынтығын мақұлдады. Біз агрессорға қатты қысым жасап отырмыз. Алғаш рет Ресейдің газ саласына – оның әскери экономикасының тірегіне соққы жасап отырмыз. Украина халқы әділеттікке жетіп, бейбітшілік орнамайынша, біз кері шегінбейміз», – деп жазды Еурокомисся президенті Урсула фон дер Ляйен X әлеуметтік желісіне.

Санкция тізімінде Қазақстандағы қаржы ұйымдары да бар екені туралы мәлімет баспасөзде жарияланған.

«Тізімге Қазақстан мен Беларусьтегі банктерді де қосты», – деп жазды Reuters ЕО мен АҚШ-тың Ресейге қатысты санкциялары туралы материалында.

Шектеудің қаржы саласына да қатысы барын тағы бір еуропалық дипломат растап отыр.

«Шабуыл ресейлік банктерді, криптовалюта биржаларын, Үндістан мен Қытайдағы ұйымдарды нысанаға алды», – деп мәлімдеді еуродипломат Кая Каллас.

Бұған дейін Еурокомиссия президенті Ресейдегі банктер ғана емес, оларға шектеуді айналып өтуге көмектескен елдердің қаржы ұйымдарына да санкция салынатынын ескерткен.

Қазақстандық банктер қара тізімге енсе, олар ЕО елдерімен қаржы операцияларын жүргізе алмай қалады. Соған байланысты еуро және доллармен жасалатын халықаралық айналымнан шығып қалады.

Ұқсас материалдар