Еурокомиссия (ЕК) сейсенбіде Қытай электрокөліктерінің (BEV) импортына 5 жыл мерзімге 35,3%-ға дейінгі баж салығы енгізілгенін жариялады.
«Тергеу Қытайдың BEV әділетсіз субсидиялардан пайда көретінін анықтады, бұл ЕО BEV өндірушілеріне экономикалық зиян келтіру қаупін төндіреді. Тарифтер ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді», - делінген ЕО коммюникесінде.
Еуропалық Комиссияның субсидияға қарсы тергеуінің қорытындысы негізінде қытайлық экспорттаушыларға келесі өтемақы баждарын енгізу туралы шешім қабылдаған: BYD – 17,0%, Geely – 18,8%, SAIC – 35,3%.
«Басқа серіктес компанияларға 20,7% баж салығы салынады. Жеке тексеруге негізделген өтініші бойынша Tesla-ға 7,8% баж салығы салынады. Барлық басқа серіктес емес компанияларға 35,3% баж салығы салынады», делінген ЕО хабарламасында.
«Сонымен қатар, ЕО пен Қытай тергеу анықтаған мәселелерді тиімді шешуге бағытталған және Дүниежүзілік сауда ұйымы ұстанымдарымен сәйкесетін шешімдерді табу бойынша жұмысты жалғастыруда», - деп түсіндірді Брюссельде.
Қытайдың электрлік көліктеріне қатысты тергеудің басталғанын Еуропалық Одақ төрағасы Урсула фон дер Лейен 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Еуропарламентте Еуропалық Одақтың жағдайы туралы сөйлеген сөзінде мәлімдеді.