Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Финляндия ЕО алдында бюджет тапшылығы үшін жауап беруі ықтимал

Финляндия ЕО алдында бюджет тапшылығы үшін жауап беруі ықтимал

Еурокомиссия Финляндияның рұқсат етілген деңгейден жоғары бюджет тапшылығына жол беруіне байланысты оған қатысты бұзушылықтарды жою рәсімін бастауға кірісті.

Бұл туралы бірнеше шетелдік БАҚ хабарлады.

Комиссия мәліметінше, Финляндияның 2025 жылы мемлекеттік тапшылығы ЖІӨ-нің 3% шегінен асып, 4,5% деңгейіне жетеді. 2026 жылы тапшылық 4% шамасында болады деп болжануда. ЕК бұл өсімді тек жартылай қорғаныс шығындарының көбеюімен түсіндіруге болатынын атап өтті.

Егер рәсім ресми түрде ашылса, Финляндия үкіметіне бюджет шығыстарын қысқартуға және қаржылық саясатты түзетуге бағытталған арнайы жоспар ұсынылады. Талаптар орындалмаса, Брюссель тарапынан қосымша санкциялар немесе айыппұлдар салынуы мүмкін.

Ұқсас материалдар