Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ғалымжан Есенов Kcell-дегі үлесін KC HOLDING LTD компаниясына сатты

Ғалымжан Есенов Kcell-дегі үлесін KC HOLDING LTD компаниясына сатты
Қазақстандық кәсіпкер және Kcell ұялы байланыс операторының ірі акционері Ғалымжан Есенов ұялы байланыс компаниясындағы үлесін өзінің KC HOLDING LTD компаниясына сатты, деп хабарлады Kcell KASE-ге. 
«КС HOLDING LTD компаниясы Есенов Ғалымжан Шахмарданұлының акцияларын сатып алу бойынша мәміленің нәтижесінде «Кселл» АҚ ірі акционерлерінің тізіміне енгізілді. Мәміле Есенов мырзаның компаниялар тобындағы үлесті иелену құрылымын оңтайландыру мақсатында жасалды, акциялардың түпкілікті иесі өзгеріссіз қалды, акциялардың саны өзгерген жоқ («Кселл» АҚ 29 745 215 жай акциясы)», - делінген баспасөз хабарламасында. 
Яғни жеке тұлға Есеноавтың орнына оның компаниясы акционер қатарына қосылды. 
Өзгеріске сай ұялы байланыс операторының акционерлерінің құрамы келесідей болды:  «Қазақтелеком» АҚ (51%), KC HOLDING LTD жеке компаниясы (14,87%), «First Heartland Jusan Bank» АҚ (9,08%) және БЖЗҚ (7,07%).
 
«Бұл өзгерістер компанияның операциялық қызметіне әсер етпейді», - деп сендіреді Kcell.

Kcell – Қазақстан нарығында жұмыс істейтін үш ұялы байланыс операторының бірі. Компания  корпоративтік клиенттерге Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ брендтерін ұсынады.

Ұқсас материалдар