Қыркүйек айында елдегі жылдық инфляция 12,9% болса, қазанда 12,6%-ды көрсеткен.
Ұлттық банктің жазуынша, бұл статистика 10 өңірде баяулап отыр. Сонымен қатар, 6 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалған.
– Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5%-ды құрады (қыркүйекте – 12,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,7%) әлдеқайда жоғары, ал Алматы қаласында (10,4%) мейілінше төмен түсті, – делінген ақпаратта.
Қазан айының қорытындысында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11%-ға тоқтаған. (қыркүйекте – 10,8%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (14%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,5%) тіркелді.
Өткен айда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 15,3%).
Сондай-ақ, Қызылорда облысында (8,6%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен түскені байқалады. Тиісінше, қазанда ел көлемінде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.





