Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Instagram-ның негізін қалаушылар Facebook-тан кетеді

Instagram-ның негізін қалаушылар Facebook-тан кетеді

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – Instagram әлеуметтік желісін ойлап тапқан Кевин Систром мен Майк Кригер таяуда компаниядан кететінін мәлімдеді.

«Біз тағы да қызығушылығымыз бен шығармашылық қабілеттерімізді сынау үшін қысқа мерзімді үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз», - делінген олардың Instagram желісінегі бірлескен жазбасында.

Бұған дейін  New York Times атаусыз дереккөздерге сілтеме жасап, Instagram-ның бас атқарушы директоры К.Систром мен бас техникалық директор М.Кригердің компаниядан алдағы аптада кетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, соңғы бірнеше айда Instagram-ның негізін қалаушылар мен Facebook басшылығының арасында автономия дәрежесі туралы қақтығыстар болғанын жазған.

К.Систром және М.Кригер 2010 жылы Instagram-ды құрды және компанияны 2012 жылы шамамен 1 млрд АҚШ долларына сатты.

2018 жылдың басында WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушылар Ян Кум мен Брайан Эктон компаниядан шығып кетті. Facebook WhatsApp-ты 2014 жылы 22 млрд долларға сатып алды.

Ұқсас материалдар