![«Әйелдер спорты тек әйелдерге арналады». Трамп жаңа жарлыққа қол қойды](/uploads/posts/1738818855_7FdVaWY7o8Usc2yjboaNs3chfxGYzAeh/image/post7.jpeg)
АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер сайысына қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін ол заңнамалық деңгейде тек екі жынысты бекіткен еді. Ол «әйелдер спорты тек әйелдерге арналады» деп атап өткен жарлықта.
Трамп қол қойған құжатқа сәйкес, трансгендерлерге әйелдер сайысына қатысуға мүмкіндік беретін мектептер мен университеттерге мемлекет қаржы бөлмейді.
Трамп бұл талапты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына енгізбек. «2028 жылы Лос-Анджелесте менің әкімшілігім әйел спортшыларды еркектердің ұрып-соғып жатқанына қарап отыра алмайды», – дейді Трамп.
Трамп және оның әкімшілігі «өзін спортшы ретінде көрсете отырып, Америка Құрама Штаттарына алаяқтық жолмен кіруге тырысатын ер адамдардан барлық визалық өтініштерді қабылдамауға» ниетті екенін айтты.
Айта кету керек, трансгендерлерге қарсы жарлыққа Трамп қызметке кіріскеннен кейін бірден 20 қаңтарда қол қойды.
Құжатқа сәйкес, АҚШ билігі адамның туған кездегі жынысын ғана таниды, трансгендер әйелдерді ерлер түрмелеріне жібереді, ал мемлекеттік мекемелердегі трансгендер қызметкерлер туған кездегі жынысына қарай дәретханаларды пайдалануы керек.
Ал спортшылар «Бұл жарлық әйелдер спортындағы соғысты аяқтайды», – деді.