Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты: ҚМГ мен CITIC Construction жаңа кезеңге қадам басты

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты: ҚМГ мен CITIC Construction жаңа кезеңге қадам басты

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «CITIC Construction Co., Ltd.» Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру барысын талқылады. 2025 жылдың соңында компаниялар жобалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтар жиынтығын айқындау және ынтымақтастық бағыттарын бекіту жөніндегі келісімге қол қойған болатын. Кездесуде FEED кезеңіне көшу, оңтайлы техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді әзірлеу бағытында уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚМГ мен CITIC Construction мамандары газ өңдеу зауытын салудың ерте құрылыс жұмыстарын пысықтап жатыр. Асхат Хасенов жобаны іске асырудағы негізгі талаптарды орындау және белгіленген мерзімдерді сақтау маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде CITIC Construction компаниясының Қазақстандағы басқа газ жобаларына қатысу мүмкіндігі де қаралды. ҚМГ басшысы Қытай компанияларымен өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін, CITIC тобының ірі жобаларды іске асырудағы тәжірибесін ескере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Ұқсас материалдар