Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Kaspi.kz қосымшасында салық режимін ауыстыру

Kaspi.kz қосымшасында салық режимін ауыстыру

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ол салық салудың бір жалпыға бірдей белгіленген тәртібін және үш арнайы салық режимін (АСР) көздейді:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР;
  • оңайлатылған декларацияның негізіндегі АСР;
  • шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР.

 

Оңайлатылған декларацияның негізіндегі арнайы салық режиміне көшкісі келетіндер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беруі тиіс. Мұндай хабарлама берілмеген жағдайда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстырылады.

Салық режимін Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» - «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» сервисінде жылдам әрі оңай өзгертуге болады. Бұдан кейін ақпарат 24 сағаттың ішінде мемлекеттік органдардың деректер базасында жаңартылады. Сізге Kaspi.kz қосымшасына салық режимінің өзгергені туралы хабарлама келеді.


Салық органдарына қосымша өтініштермен жүгіну талап етілмейді – хабарлама Kaspi.kz қосымшасы арқылы беріледі.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«2025 жылы Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен 2,8 триллион теңге сомасына 90 миллионға жуық міндетті төлем жасалды. Енді сервисіміз жаңа Салық кодексінің талаптарына толықтай сәйкес келуі үшін біз оны жаңарттық. Кәсіпкерлер өздері үшін жаңа салық режимін тура біздің қосымшамызда тез әрі оңай таңдай алады. Ынтымақтаса жұмыс істегені үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болғаны үшін әр клиентіміз бен серіктесімізге алғысымызды білдіреміз!»



Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы:


«Оңайлатылған декларацияның негізіндегі арнайы салық режиміне барлық салық төлеуші (соның ішінде 2025 жылы тіркелген шегерім мен бөлшек салықты пайдаланып, оңайлатылған декларацияның арнайы салық режимін қолданған салық төлеушілер) оны қолдану талаптарына сәйкес келген кезде, арнайы салық режиміне көшуге құқылы және мұндай арнайы салық режимін қолданатын күн 2026 жылғы 1 қаңтарда болады. 2025 жылы жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған салық төлеушілер оңайлатылған декларацияның негізіндегі арнайы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келген кезде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беруге құқылы және Хабарлама берілген күн осындай арнайы салық режимі қолданылатын күн болып табылады».


Салық режимдерін өзгерту және салық төлеу туралы толығырақ Kaspi Гид-тен оқыңыз.


Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.


Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.


Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.


Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

Ұқсас материалдар