Былтыр ЕО елдеріне тәулігіне импортталған 9,1 миллион баррель мұнайдың үлесінде Қазақстан да бар. Бұл туралы Econovis хабарлады.
Осылайша, ресми статистикамен еліміз Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында үшінші орынға тұрақтады.
Шикі мұнай жеткізулердің ең үлкен көлемін АҚШ бастаған. Екінші орынға Норвегия жайғасқан. Бір қызығы, тізімде әртүрлі құрлықтағы мемлекеттер кездеседі.
Тізім келесідей:
- АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
- Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
- Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).
Мұнан өзге ең ірі жеткізушілердің тізімі былайша жалғасады:
- Ливия – 0,67 млн баррель (7,4%);
- Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
- Ирак – 0,57 млн баррель (6,3%);
- Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
- Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
- Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





