Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Мажарстан құны 230 млн доллар болатын келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Мажарстан құны 230 млн доллар болатын келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Мажарстан арасында құны 230 млн доллардан асатын жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

 Оның ішінде ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік-логистика бағыттары бар. Бұл – бүгін Будапештте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстелінің қорытындысы. Алдағы уақытта осы Будапешт қаласында, Мажарстан, Қазақстан және Қытай логистикалық хаб құруды жоспарлап отыр. Бүгінде еліміздің мұндай терминалы Қытайда бар.

Осылайша, Қазақстан Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды көпірге айналмақ. UBM, Gedeon richter, MVM. Бұл – Мажар бизнесінің осындай ірі өкілдерінің басын қосқан инвестициялық дөңгелек үстел. Президент Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында осындай маңызды шараға қатысты. Ол түсінікті де. Мақсат – ел экономикасын әртараптандырып, оған инвестиция тарту. Жалпы соңғы он жылда мажар тарапы 300 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция бағыттаған. Былтырдың өзінде бұл көрсеткіш 25 млн долларға жеткен.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық.

Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 млн долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар.

Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 млн доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр», – деді.

 Алда Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-саттық деңгейін 1 млрд долларға дейін жеткізу міндеті тұр. Бұл ретте Қазақстан жалпы құны 800 млн долларға жететін 99 тауар түрін экспорттауға дайын.

Жиын барысында Президент Мажарстанның қалталы азаматтарына энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді. Жалпы қос елдің бизнес өкілдері әріптестік аясын кеңейтуге мүдделі. Мәселен, Қазақстан, Мажарстан және Қытай Будапештте бірлесіп логистикалық хаб құруды жоспарлап отыр. Айта кету керек, бүгінде еліміздің мұндай терминалы Қытайда бар. Осылайша, Қазақстан Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды көпірге айналмақ.

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы: «Жалпы бізге қандай мүмкіндік ашады? Қазақстанның мынау «Бір белдеу, бір жол» жобасы шеңберінде өзінің транзиттік көліктік дәліздерін әртараптандыру. Оның ішінде Каспий теңізі арқылы Мажарстан арқылы Еуропа нарығына шығу. Себебі Мажарстан Еуропаның қақ ортасында орналасқан. Осы Будапешт қаласында шамамен 300 шақырым жерде 100 млн-ға жуық нарық бар. Бұл бір жағынан тас жол, бір жағынан темір жол, бір жағынан әуе жолы жақсы байланыста. Сондықтан 2-3 сағаттың айналасында осыншама нарыққа шыға алады», – деді.

Ұқсас материалдар