Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан тоғыз айда 60,5 млн тонна мұнай экспорттады

Қазақстан тоғыз айда 60,5 млн тонна мұнай экспорттады

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 60,5 миллион тонна мұнай экспорттады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% көрсетіп отыр. Жыл соңына дейінгі жоспар – 96,2 млн тонна.

«9 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 60,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 114,9% болды. 2025 жылға жоспарланған экспорт көлемі – 70,5 млн тонна», – деді министр.

Сондай-ақ, газ өндірісі бойынша да өсім тіркелген. Министрдің мәліметінше, тоғыз айда 51,6 млрд текше метр газ өндіріліп, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 116,7% болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62,8 млрд текше метрге жетуі тиіс.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі – 14,3 млрд текше метр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,4%.

Ал сұйытылған мұнай газының өндірісі – 2,3 млн тонна (101,1%), ал ел аумағы арқылы газ транзиті – 53 млрд текше метр (102,9%) болды.

«Энергетика секторы тұрақты даму үстінде. Негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады», – деп қорытындылады министр.

Ұқсас материалдар