Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банктерге арналған екі түрлі лицензия енгізілмек

Қазақстанда банктерге арналған екі түрлі лицензия енгізілмек

Қазақстанда банк секторына жаңа ойыншыларды тарту үшін екі деңгейлі лицензия жүйесі енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді.

Агенттік базалық және әмбебап банк лицензиясы моделін енгізуді ұсынуда. Мұндай тәжірибе Ресей, Литва, Сингапур, АҚШ сияқты елдерде қолданылады.

Негізгі айырмашылықтар:

  • Базалық лицензия – кіші банктерге арналған. Қызмет түрлері мен операциялар ауқымы шектеулі болады.

  • Әмбебап лицензия – барлық банктік операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

Әбілқасымованың айтуынша, базалық лицензия алған банктерге:

  • Активтер көлемі 500 млрд теңгеден аспауы керек;

  • Меншікті капитал кемінде 10 млрд теңге болуы тиіс;

  • Бейрезиденттер мен үлестес тұлғаларға кредит беруге тыйым салынады.

Агенттік бұл қадам банк секторының орнықтылығын арттырып, бәсекелестік ортаны күшейтеді деп отыр.

Ұқсас материалдар