Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

Қазақстанда Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң аясында елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы жұмыс істей бастады.

Бұған дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың әр сатып алу жүйесінде авторизация бөлек жүргізілсе, енді барлық рәсімдер бір порталға біріктірілді.

Жаңа платформа мемлекеттік органдардың, мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, кәсіпорындардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры және оның еншілес ұйымдарының сатып алуларын бір жүйеге топтастырады. Бұл бизнес өкілдері үшін тендерлерге қатысу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Хабарламада айтылғандай, Бірыңғай сатып алу платформасының негізгі артықшылықтары – реттелетін сатып алудың барлық түріне бір портал арқылы қол жеткізу, рәсімдердің толық ашықтығы, сатып алу процестерін бір жүйеде қадағалау және талдау мүмкіндігі. Сонымен қатар пайдаланушылар үшін ыңғайлы жеке кабинет пен икемді баптау жүйесі ұсынылған.

Платформаның негізінде жоспарлар, тәсілдер, келісімшарттар, өңірлер мен бюджет түрлері бойынша жүргізілген және жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көрсететін арнайы Талдау модулі әзірленді.

2025 жылдан бастап платформаға білім алушыларды тамақтандыру, мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, сондай-ақ ТМККБК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйелері қосылды. Келесі жылы табиғи монополия субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңдарын интеграциялау жоспарланып отыр.

Жаңа тәсіл сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге, біріздендіруге және реттелетін сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар