Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда доллар бағамы қайта көтеріліп барады

Қазақстанда доллар бағамы қайта көтеріліп барады

Ұлттық банк теңге бағамын сақтап қалуға 125 млн доллардан астам қаржы жұмсағанына қарамастан, ұлттық валюта бағамы құлдырауды жалғастыруда. 

KASE сайтының ақпаратына сәйкес, 1 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа алынған бағам бір долларға 543,17 теңге болды. Бір тәулік ішінде америкалық валюта + 2,45 теңге қосты. Ең көп дегенде ол 545,1 теңгеден сатылды.

Ұлттық банк бұған дейін теңге бағамын қолдау үшін валюталық интервенция жасағанын мәлімдеген болатын. Бұл әрекеттер біржолғы болды және доллар өсімін қысқа уақытқа тоқтатуға мүмкіндік берді, бірақ демалыс күндері ұлттық валюта қайтадан әлсірей бастады.

Алты күн бұрын Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, теңге бағамына қазіргі уақытта неге қысым түсіп жатқанын түсіндірген болатын. 

Ұқсас материалдар