Экономика
Қазақстанда инвестиция салуға ең тартымды сала тау-кен өнеркәсібі болып тұр

Статистикалық деректерге сәйкес, инвестиция салуға ең тартымды салалар тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру (22,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (20,4%), көлік және қойма (17,4%) және өңдеу өнеркәсібі (9,8%) болып қала берді.
Инвестициялардың басым көздері шаруашылық субъектілердің меншікті қаражаттары болып қала берді, олардың көлемі 5,681 трлн теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджет қаражаттарының үлесі 17,6%-ды, банктік несиелер – 3,7%-ды, басқа қарыз қаражаттары – 10,2%-ды (оның ішінде резидент еместердің қаражаттары – 3,3%) құрады.