Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылды

Кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылды

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу кезінде кейбір тауарларды ұлттық режимнен шығару ұсынылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында айтылған. Құжат «Ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» деп аталады және қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылған.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, машина жасау, химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып қою қарастырылып отыр.

Жоба ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленген. Құжатты қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанның бірқатар елдермен сауда байланысы да артып келеді. Мәселен, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 100 млн АҚШ долларынан асса, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бір айлық тауар айналымы 400 млн доллардан асқан.

Ұқсас материалдар