Экономика
Қазақстанда тұрғын үй депозиттерін екінші деңгейлі банктерде ашуға рұқсат берілді
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы жинақ депозиттерін енді тек Отбасы банк емес, екінші деңгейлі банктерден де ашуға болады.
Бұл норма қаржы нарығын реттеу туралы заңға енгізілген түзетулерде көзделген.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, банк лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер тұрғын үй депозиттерін қабылдап, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу, сондай-ақ тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру құқығына ие болады.
Алайда маңызды шектеу бар: мемлекет тарапынан жыл сайынғы сыйақы тек Отбасы банкте ашылған тұрғын үй депозиттеріне ғана төленеді. Басқа банктердегі осындай салымдарға мемлекеттік сыйақы қарастырылмайды.
Тиісті норма «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңда нақты көрсетілген.





