Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктердің активтері 68 трлн теңгеге жуықтады

Банктердің активтері 68 трлн теңгеге жуықтады

Қазақстанның банк секторы активтер көлемін арттыруда. Ranking порталының хабарлауынша, 2025 жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 67 трлн теңгеден асып, жаңа межеге жақындады.

Активтердің негізгі өсімі несие портфелінің ұлғаюымен байланысты. Банктердің жалпы несие портфелі 41,6 трлн теңгеге жетіп, бір ай ішінде 1,8% өсім көрсетті.

Саладағы ірі ойыншылардың үлесі жоғары: топ-10 банк бүкіл сектор активтерінің 89%-дан астамын құрайды. Олардың жиынтық активтері шамамен 59,6 трлн теңге болған.

Айлық динамика бойынша Bank RBK көш бастады. Оның активтері қазан айында 3,4% өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті. Банктің жылдық өсімі 13,1% болып отыр.

Сондай-ақ банктердің жоғары ликвидті активтері – қолма-қол ақшаға және қысқа мерзімді құралдарға тез айналатын қаражат 19,1 трлн теңгені құрап, жалпы активтердің 28,4%-ын көрсетті.

Мамандардың айтуынша, активтердің ұлғаюы оң тенденция болғанымен, негізгі назар активтердің сапасына несие портфелінің құрылымы мен тәуекел деңгейіне аударылуы тиіс.

Ұқсас материалдар