Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық реттеуші: Kaspi санкция талаптарын толық сақтап отыр

Қазақстандық реттеуші: Kaspi санкция талаптарын толық сақтап отыр
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi АҚШ, Еуроодақ және басқа да шет елдердің санкциялық режимін толық көлемде сақтап отырғанын хабарлады

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Kaspi Bank» АҚ туралы соңғы жарияланымға байланысты төмендегіні хабарлайды... Банк АҚШ, Еуроодақ және басқа да шет елдердің санкциялық режимін толық көлемде сақтайды, комплаенс-тәуекел деңгейі жоғары операцияларға қатысты KYC, тәуекел-менеджмент және ішкі бақылаудың үздік практикасын қамтамасыз ету үшін АҚШ пен Еуроодақтағы корреспондент-банктермен тұрақты негізде ынтымақтасады", делінген хабарламада. 

Банк орнықты өсу мен ашықтықтың жоғары деңгейін көрсетіп отырған  елдегі жүйе құраушы және тұрақты дамып келе жатқан банктердің бірі болып табылатынын атап өтті. 2024 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторындағы активтер мөлшері, кредиттер көлемі және депозиттік базасы бойынша Банк Қазақстанның екінші банкі болып табылады.

"Банк тәуекелдерді барынша азайту үшін ішкі стандарттарға сәйкес қажетті комплаенс-рәсімдерді тұрақты негізде жүргізеді, оларға клиенттерді жан-жақты тексеру, транзакцияларды мониторингтеу және қызметкерлерді оқыту кіреді", дейді агенттіктен.

Өз кезегінде, бұған дейін Агенттік екінші деңгейдегі банктерге қатысты клиенттерді тиісінше тексеру және олардың KYC стандарттары мен трансшекаралық операцияларды бақылау бойынша операцияларын мониторингтеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды күшейтті. Сондай-ақ банктердің шетелдік клиенттерді тексеруі және санкцияларды айналып өтуге бағытталған операцияларды жасау үшін банк қызметтерін ықтимал пайдалануды болдырмау үшін трансшекаралық операцияларды мониторингтеу бойынша талаптар белгіленген. 


Ұқсас материалдар