Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық төрт банк шетелдіктерге карта беруді тоқтатты

Қазақстандық төрт банк шетелдіктерге карта беруді тоқтатты
Қазақстандық төрт банк – Halyk Bank, Еуразиялық банк, Нұрбанк және ВТБ Банк шетелдіктерге карта беруді тоқтатты. 

Интерфакстың хабарлауынша Halyk Bank және ВТБ банк, Еуразиялық банктің колл-орталығы резидент еместерге карта ашпайтындарын айтқан. Қайтада басталатыны туралы белгісіз. Колл-орталық операторы ол туралы ақпарат жоғын айтқан. 

"ВТБ Банк" өкілдері резидент еместерге  карта беру техникалық ақауларға байланысты тоқталығанын түсіндірген. Олар мұны уақытша шектеу деп отыр. 

Бұған дейін Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) резидент еместер үшін төлем карталарының мерзіміне және бір адамға берілетін карталар санына шектеулер енгізгені туралы хабарлаған еді.

Ұқсас материалдар