
Қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда несиені жиі ала бастаған, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халыққа берілген кредиттердің жалпы көлемі 22,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 3,1%-ға артық. 2025 жылдың басынан бері өсім 14,7%-ды құрады.
Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,1%-ға өсіп, ол 16,0 трлн теңгеге жетті.
Ипотекалық қарыздар тамыз айында 2,5%-ға өсіп, 6,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім 9%-ды құрады. Оның ішінде нарықтық шарттармен берілген ипотекалық кредиттердің көлемі 3,8%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгеге жетті.
2025 жылғы тамызда халыққа берілген жаңа қарыздар 1,8 трлн теңгені құрады. Яғни, 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 12,9 трлн теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,1%- ға көп, – делінген ҚҚҚА хабарламасында.
Тамыз айында халыққа теңгемен берілген несиелер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады.
Несие түрлері бойынша мөлшерлемелер келесідей бөлінді:
2025 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады.
теңгемен ипотека – 8,6%;
тұтынушылық кредиттер – 21,5%.
Сонымен қатар, несие алу белсенділігінің артуы депозиттердің де көбеюімен қатар жүріп жатыр.
Тамыз айында резиденттердің депозиттері 1,0%-ға өсіп, 42,8 трлн теңгеге жетті. Негізгі өсім ұлттық валютадағы салымдар есебінен болды. Олардың көлемі 1,0%-ға артып, 33,3 трлн теңгеге жетті.
Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі де 0,8%-ға өсіп, 9,5 трлн теңгені құрады.
Осының аясында долларлану деңгейі төмендеуін жалғастыруда: 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ол 22,2%-ды құрады, ал жылдың басында бұл көрсеткіш 22,5% болған.