Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 171,4 млрд долларға жетті.
Бұл – жылдың басынан бері 6,7 млрд долларға көп. Ұлттық банк дерегінше, өсімнің 5,3 млрд доллары төлем балансы операцияларынан, ал 1,4 млрд доллары бағамдық және бағалық өзгерістерден қалыптасқан.
Борыш құрылымында ұзақ мерзімді міндеттемелер басым: өтеу мерзімі бір жылдан асатын қарыз үлесі 87,8%. Сыртқы борыштың 71,4%-ы – бейрезиденттерден алынған кредиттер, ал 10,6%-ы – шетелдіктердің қолындағы бағалы қағаздар.
Қазақстан кімдерге қарыз?
-
Нидерланды – 41,3 млрд доллар (оның 39,3 млрд доллары фирмааралық берешек)
-
Ресей – 16,2 млрд доллар (10,1 млрд – басқа секторлар, 4,9 млрд – тікелей инвестиция)
-
Ұлыбритания – 14,9 млрд доллардан асады
-
АҚШ, Қытай, Франция – қомақты қарыз берушілер қатарында
-
Халықаралық ұйымдарға берешек – 14,4 млрд доллар





