Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ҚазАвтоЖол» трассаларда жылдамдықты асырған көліктердің дерегін тіркей бастады

«ҚазАвтоЖол» трассаларда жылдамдықты асырған көліктердің дерегін тіркей бастады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы трассаларда жылдамдықты асырған көліктердің деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жібере бастады.

Енді трассалардағы бұл мәліметтер ресми тіркеліп, айыппұл салынады.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, трассаларда жылдамдықты асырған көліктерді аркалардағы автоматты бақылау құралдары тіркейді де тікелей Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай орталағына жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, мына трассаларда бақылау камералары бар:

«Көкшетау – Петропавл» автомобиль жолы:

  • 354 км - «Драгомировка» бақылау аркасы
  • 443,8 км - «Астраханка»бақылау аркасы
  • 473,126 км - «Бескөл» бақылау аркасы


«Алматы – Қорғас» автомобиль жолы:

  • 38,243 км - «Балтабай» бақылау аркасы
  • 204,648 км -
  • п«Ұйғыр» бақылау аркасы
  • 205,480 км - «Панфилов» бақылау аркасы

«Жүргізушілер үшін маңызды ақпарат: жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады. Жылдамдықты асыру туралы мәліметтерді ӘІБТ ПО жүйесіне жібереміз, сол жерде әкімшілік материалдар жазылады», - деп хабарлайды компания.

Сондықтан, «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Ұқсас материалдар