
«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың I жартыжылдықтағы өндірістік қызметті қорытындылады.
Есептік кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесі бойынша 22 млн 268 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейге сәйкес келеді.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 8 млн 999 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Атап айтқанда:
- Атырау мұнай өңдеу зауыты (https://t.me/amoz_anpz) – 2 млн 816 мың тонна;
- ПетроҚазақстан Ойл Продактс (https://t.me/pkopkz) – 3 млн 051 мың тонна;
- Павлодар мұнай-химия зауыты (https://t.me/pnhzkz) – 2 млн 873 мың тонна;
- CASPI BITUM – 260 мың тонна мұнай.
«Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырының «Атырау — Самара» учаскесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 5 млн 053 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ға артық. Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбырлары жүйесіне тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 926 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45%-ға көп.
Қазақстан аумағындағы ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі арқылы 5 млн 847 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары.
Ақтау теңіз портында ҚазТрансОйл қуаттарын пайдалана отырып, танкерлерге 1 млн 784 мың тонна мұнай құйылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 5%-ға артық. Оның ішінде 785 мың тонна мұнай «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағыты бойынша жөнелтілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесін бөлек алғандағы бағыт бойынша мұнай жүк айналымы 17 млрд 541 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 2%-ға жоғары.
2025 жылдың I жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу бойынша шоғырландырылған көлемі 23 млн 074 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне сәйкес келеді.
2025 жылдың I жартыжылдығында шоғырландырылған мұнай жүк айналымы 22 млрд 467 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға ұлғайды.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды ауыстырып тиеу көлемі 805 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмен. Көрсеткіштің төмендеуіне бірқатар жөнелтілімдердің кейінге қалдырылуы себеп болды.
2025 жылдың I жартыжылдығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9 млн 609 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Мұнай жүк айналымы 8 млрд 583 млн тонна-шақырымды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті.
Биыл I жарты жылда «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС мұнай құбыры арқылы 2 млн 910 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Мұнай жүк айналымы 1 млрд 244 млн тонна-шақырымды құрап, 11%-ға өсті.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань – Маңғышлақ» магистралды су құбыры арқылы «Магистральды су құбыры» ЖШС 12 млн 578 мың текше метр тұщы су жеткізді.