Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған макроболжамды бекітті

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған макроболжамды бекітті

Бүгін Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Министрдің айтуынша, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет параметрлері мынадай болып айқындалды:

  • Республикалық бюджет кірістері:

    • 2026 жылы – 19,2 трлн теңге

    • 2027 жылы – 21,2 трлн теңге

    • 2028 жылы – 23,2 трлн теңге

  • Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,77 трлн теңге мөлшерінде сақталады.

  • Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты:

    • 2026 жылы – 2,5%

    • 2028 жылы – 0,9%-ға дейін төмендейді.

  • Мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттің шығыстары кезең ішінде тұрақты өседі:

  • 2026 жылы – 27,7 трлн теңге

  • 2027 жылы – 28,8 трлн теңге

  • 2028 жылы – 29,8 трлн теңге

Жұманғариннің айтуынша, бюджет кірістері мен шығыстарының көлемі Ұлттық қордан қосымша трансферт тартуды қажет етпейді. Ал қордың таза валюталық активтері 2026 жылғы 60,8 млрд доллардан 2028 жылы 68,6 млрд долларға дейін артады деп болжануда.

Ұқсас материалдар