Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис және КҚК бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Келісім өнеркәсіптік жабдықты импортты алмастыруға бағытталып, бекіткіш арматура, сорғы агрегаттары және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл магистралды мұнай құбырлары нысандарында отандық жабдық үлесін арттыруға және екі кәсіпорын арасында тұрақты кооперация қалыптастыруға ықпал етпек.
Тараптар КҚК-Қ компаниясын Қазақстанда өндірілген жоғары технологиялық материалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, техникалық қызмет көрсету, жаңғырту, сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ жаңа технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеп енгізуге уағдаласты.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





