ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында елдегі көлік саласының дамуы туралы мәлімдеді.
Биылғы 10 айда көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өскен.
Министрдің айтуынша, көлік саласы қазіргі таңда экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналып отыр. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4%-ға артқан. Ал транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетіп, 5%-дық өсу байқалған.
Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көбейген. Министр сондай-ақ автоматтандырылған өлшеу стансаларының заңбұзушылықтарды анықтау мен бюджетке түсетін кірісті 10 есеге арттырғанын атап өтті.
Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген интеграция нәтижесінде биылғы 5 айда 10 мыңнан астам айыппұл ұйғарымдары рәсімделген. Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылуда, ал Қытай мен Өзбекстанға қатысты рұқсат бланкілері электрондық форматқа ауыстырылды.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





