Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көлсай көлдері аумағынан 80 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды

Көлсай көлдері аумағынан  80 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды
Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін "Көлсай көлдері" МҰТП аумағынан  80 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Бұл туралы Ұлттық парктен хабарлады.

Еліміздегі туристер ең көп келетін аумақта тұрмыстық және басқа да әртүрлі қалдықтарды шығару мәселесіне баса мән беріледі. 

"Ұлттық парк аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында арнайы есеп шоттан 12  қоқыс жинаушы жұмысқа алынған. Күнделікті парк аумағында  тазалық жұмыстары жүргізіледі. Туристік маршруттардың тазалығын сақтау мақсатында жыл басынан 17 экологиялық акция өткізіліп, оған 2283  адам қатысты.  Жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін парк аумағынан  80 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды", дейді Ұлттық парктен.


Сондай-ақ парк аумағында рейтдік шаралар да жиі жүргілізеді. Жақында Кеген ауданы табиғат қорғау инспекторы мен ұлттық парк инпекторлары білесіп Төменгі Көлсай көлінде рейдттік шара  жүргізген. Рейд барысында келген демалушыларға тазалықты сақтау шаралары есекертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жақында, «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы»» туристік бағытында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық жұмыстар атқарылған. Парк қызметкерлері үнемі келуші туристер мен жергілікті халық арасында экологиялық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында,  түрлі табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар өткізеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

Айта кетейік, Ұлттық парк аумағына 2024 жылы қыркүйек айының соңына  дейін 324647 демалушы келген. Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Саты ауылы-Қайынды көлі», «Саты ауылы-Саты асуы», «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы»,  «Төменгі Көлсай көлі» 3,5 шм туристік бағыттары толық абаттандырылған.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 9 туристік соқпақтар мен маршруттар  туристерге қызмет көрсетеді.
Олар:  №1 «Саты ауылы-Қайынды көлі»  11 км
№2 «Саты ауылы-Саты асуы» 23 км
№3 «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы» 18 км
№4  «Күрметі ауылы-ортаңғы Көлсай көлі» 17 км
№5  «Күрметі ауылы-Қыземшек тауы» 24,3 км
№6  «Кіші Өрікті сайы-Мәжі көлі» 6 км
№7 «Төменгі Көлсай көлі» 3,5 км
№ 8 «Таңбалы тас» 1 км
№9 «Алғабас ауылы – Суықтоғай шатқалы» 4,5 км

Аталған бағыттардың ішінде №1 «Саты ауылы-Қайынды көлі», №3 «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы»  туристік маршруттары жыл бойы демалушыларды қабылдайды.

Ұқсас материалдар