Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қор нарығында доллар арзандап, теңге тағы нығайды

Қор нарығында доллар арзандап, теңге тағы нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды. 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 535,13 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2,64 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 8 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 537,91 теңге.

Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 536,35 теңгеден сатып алынып, 538,29 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 627,74-632,09 теңге аралығында, рубль 6,44-6,56 теңге шамасында.

Ал Астанада долларды 534,00 теңгеден сатып алып, 539,15 теңгеден сатып жатыр. Еуро – 623,90-633,90 теңге. Рубль бағамы – 6,50-6,60 теңге.

Шымкентте доллар 535,13 теңгеден сатып алынып, 538,19 теңгеден сатылып жатыр. Еуро – 624,79-629,81 теңге аралығында, рубль – 6,50-6,58 теңге.

Ұқсас материалдар