Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құс еті өндірісі артып келеді: 2027 жылы импорт қажет болмайды

Құс еті өндірісі артып келеді: 2027 жылы импорт қажет болмайды

Еліміз 2027 жылға қарай тауық етіне деген ішкі сұранысты 100% өз өндірісі арқылы жабуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

 2020 жылы ішкі нарықты қамтамасыз ету деңгейі – 58% болған. Мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген микрокредиттер нәтижесінде бүгінде бұл көрсеткіш 82%-ға жетті.

«Импортқа тәуелділікті едәуір қысқарттық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. 2027 жылға қарай өзімізді толықтай құс етімен қамтамасыз етеміз», – деді министр.

 Биыл тағы 5 жаңа құс фабрикасы іске қосылады. Қазіргі таңда құс етін өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жаңа фабрикалардың іске қосылуы өндіріс көлемін одан әрі арттырып, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

 Бұған дейін құс еті бағасының күрт өсуі болмайтыны туралы болжам жасалған еді.

Ұқсас материалдар