Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кәсіпорын басшылары 449 млн теңгені жымқырған

Кәсіпорын басшылары 449 млн теңгені жымқырған
Алматыда мемлекеттік кәсіпорын басшыларының 449 миллион теңгені ұрлауына байланысты тұрғын үй тәркіленді.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Еңбек» РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

2025 жылдың 19 наурызында ҚМА берген ақпаратқа сай, 2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы «бір көзден сатып алу» әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған.

Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.

Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.

Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.

Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.

Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен «BMW X6» автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.

Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас материалдар