Әлемдік электромобиль нарығында, әсіресе Еуропада Tesla сатылымы айтарлықтай төмендеп келеді.
Бұған қытайлық және еуропалық автоөндірушілердің бәсекелестікті күшейтуі негізгі себеп, деп хабарлайды Reuters.
Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының мәліметінше:
-
Қазан айында Tesla сатылымы жылдық көрсеткіш бойынша 48,5%-ға төмендеген.
-
2025 жылдың алғашқы 10 айында Еуропадағы бренд сатылымы шамамен 30%-ға азайды.
-
Сол аралықта электромобильдер нарығы жалпы 26%-ға өскен.
Қытайлық BYD қазан айында Еуропада 17 470 электрокөлік өндіріп, Tesla-дан екі есе көп өнім шығарды.
Еуропалық брендтердің серпініVolkswagen электромобильдерінің сатылымы қыркүйекке дейінгі кезеңде 78,2%-ға өсіп, 522 600 бірлікке жетті. Бұл Tesla көрсеткішінен шамамен үш есе жоғары.
Дуйсбург-Эссен университетінің көлік талдау орталығының жетекшісі Фердинанд Дюденхеффердің айтуынша, Tesla-ның проблемасы тек өз өнімдері немесе қытайлық өндірушілермен бәсекеде ғана емес, сонымен қатар еуропалық автоөндірушілердің де қарқынды дамып, нарықтағы үлесін арттыруында.
Tesla үшін Қытай нарығында да жағдай мәз емесКомпания сатылымы Қытайда да құлдырап жатыр:
-
Қазан айында жеткізілімдер 35,8%-ға төмендеп, соңғы үш жылдағы ең төменгі деңгейге түсті.
-
Қаңтар-қазан аралығында сатылым 8,4%-ға азайды.
Tesla Қытайда Chery сияқты жаңартылған жергілікті брендтермен, сондай-ақ Xiaomi секілді жаңа ойыншылармен күрделі бәсекеге тап болды. Xiaomi-дің SU7 моделі маусым айында нарыққа шыққан соң-ақ Tesla Model Y-дің тікелей қарсыласына айналды.





