Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген коллекциялық монета шығарды

Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген коллекциялық монета шығарды

Қазақстанның Ұлттық банкі «Ғалам идеялары» сериясы аясында жаңа коллекциялық монетаны таныстырды.

«Mysyrlyq Tanym» деп аталған монета 3 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің онлайн-дүкенінде сатылымға шығады.

Ромб тәрізді 2000 теңгелік монета 400 данадан тұратын шектеулі тиражбен шығарылған. Оның дизайны ежелгі Мысыр құдайларының бейнелерін заманауи дүниетаным элементтерімен ұштастырады: танталдан жасалған бөлігінде Мысыр құдайлары, ал күміс бөлігінде технологияның символдары бейнеленген.

Монетаның сипаттамалары:

  • Номиналы: 2000 теңге

  • Металы: 925 сынамалы күміс, тантал инкрустациясы

  • Салмағы: 162,2 г

  • Сапасы: төзімді

Ұлттық банк монеталарды Қазақстандағы барлық банктерде номиналды құны бойынша қабылдау, шотқа салу, аудару және айырбастауға болатынын атап өтті.

Ұқсас материалдар