
Қазақстан Ұлттық банкі тамыз айында Ұлттық қордан 420 млн доллар сатылғанын хабарлады.
Қаражат «Талдықорған–Үшарал» магистральдық газ құбыры жобасын қаржыландыруға және республикалық бюджетке трансферт бөлуге жұмсалады.
Банк мәліметінше, ай қорытындысы бойынша теңге бағамы 538,60 теңге деңгейінде қалыптасып, 0,4%-ға нығайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,6 млрд долларды құрады.
Қыркүйекте үкіметтің алдын ала өтініміне сәйкес, Ұлттық қордан тағы 400-500 млн доллар сатылуы мүмкін.
Сонымен қатар, Ұлттық банк тамызда валюталық интервенция жасамағанын, ал базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.