Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық Банктің болжамы: 2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде болады

Ұлттық Банктің болжамы: 2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде болады

Нұр-Сұлтан. 6 маусым. 7kun.kz –Геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және тауар жеткізудегі өзгерістер экономиканың өсу қарқынының жылдамдауын тежейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

«Геосаяси белгісіздік аясында Қазақстанның экспорттық жеткізілімдерінің халықаралық нарықтарға қол жеткізуінің ықтимал проблемалары ЖІӨ болжамының тәуекелі болып табылады, бұл оны іске асыру кезінде ЖІӨ-нің өсу болжамын мейлінше төмен қарқын жағына қарай қайта қарауға теріс әсер етуі мүмкін», дейді Ұлттық банк.

2023 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,5%-4,5%-ға дейін үдейтіні болжануда. Экономикадағы белгісіздіктің төмендеуі, экспорттық және импорттық тауар жеткізу тізбегінің қалпына келуі, ОПЕК+ шеңберінде шектеулердің азаюына байланысты энергия ресурстарын өндіру көлемінің едәуір өсуі экономиканың дамуына ықпал ететін болады.

Бұған ішкі сұраныстың оң динамикасының сақталуы да қолдау көрсетеді. 2024 жылы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруды есепке алғанда, күтпеген өзгерістердің теріс әсерінің болмауы және мұнай өндірудің айтарлықтай ұлғаюы аясында экономиканың өсетіні болжанып отыр.

Ұқсас материалдар