Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды
 Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады.

Прокурорлар қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Облыс прокуратурасы сот актісі заңды күшіне енгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.

Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.

Ұқсас материалдар