Қазақстанда машина жасау саласына құйылған инвестиция көлемі 376 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, салада өндіріс көлемі 5,7 трлн теңгені құрап, бір жылда шамамен 13%-ға өскен. Соңғы бес жылда экспорт көлемі екі еседен асып, 3,1 млрд долларға жетті.
Премьер-министр инвестиция өсімі бизнестің мемлекеттік саясатқа деген сенімін көрсететінін атап өтті.
Қазіргі таңда ел бойынша 4 мыңға жуық кәсіпорында 130 мыңнан астам адам еңбек етуде.





