Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекет қазақстандықтардың 180 млрд теңге қарызын кешірді

Мемлекет қазақстандықтардың 180 млрд теңге қарызын кешірді

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Қазіргі таңда 45 200 азамат банкрот деп танылды. Олардың қарыз сомасы 180 млрд теңге болған. Барлығы кешірілді деуге болады. Бұл банктерге байланысты қарыздар болатын. Соның ішінде 13 мыңнан аса адам төлемін бес жылдан бері жасай алмаған азаматтар. Яғни, көптен қарыз болған азаматтар. Қосымша айта кететін болсақ, 2,5 мың азамат – әлеуметтік тіркеуде тұрған, жағдайы қиын жанұялар. Солардың қарыздары кешірілді. Қазақстан бойынша жалпы сомасы 180 млрд теге бойынша міндеттемелерін заң арқылы шештік», – деп жауап берді вице-министр.

Ержан Біржанов заң жақсы жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, соттан тыс банкроттық процестер автоматтандырылған.

«Арыз беруші соттан тыс банкрот болса, мүлкі болмауы керек. Көптен бері төленбей жүрген қарызы болуы тиіс. Қазіргі таңда арыз жазған адамдардың көбінде автокөлігі немесе пәтерлері бар. Ол азаматтар банкрот деп танылмайды», – деп түсіндірді ол.

Ұқсас материалдар