Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті.

Бұл туралы құқық қорғау органы хабарлады. Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаменті басқармаларының бірінің басшысы мен Астана қаласының тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу дерегінше, күдіктілер шетелдік азаматтарға ақшалай сыйақы үшін халық тұтынатын тауарларды Қазақстан аумағына кедергісіз әкелуге көмектескен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процессуалдық тұрғыда тіркелген.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млрд теңгені құрайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас материалдар