
Digital Bridge 2025 аясындағы Fireside Chat кездесуінде Kaspi.kz басқарма төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе сәтті өнімді қалай жасауға болатыны туралы айтты.
«Біз өнімді әзірлегенде бәрі өте қарапайым. Барлығы компанияның миссиясынан басталады. Қай өнімді іске қоссақ та, ол миссияға сәйкес келуі тиіс. Әр өнімнің өз жауапты адамы және жауапты командасы бар», – деді Ломтадзе.
Ол сәтті сервистің құрылымын жазып шығуға көмектесетін қарапайым жаттығу ұсынды. Ол үшін небәрі үш парақ қағаз бен қалам жеткілікті:
«Үш параққа мынаны жазамыз: сервис іске қосылғанға дейін клиенттік өнім қандай болды және іске қосылғаннан кейін қандай болады. Клиент қандай сұрақ қоюы мүмкін (ең қарапайым топ-10 сұрақ). Қандай бизнес-талаптар бар? Бұл құжат шамамен үш парақ болады».
Оның айтуынша, Kaspi.kz сервистері күрделі әрі технологиялық, бірақ оларды компания сондай қарапайым және түсінікті етіп сипаттайды, «тіпті кез келген оқушы қандай сервис іске қосылып жатқанын түсінеді». Барлығы жазылып болғаннан кейін ғана әзірлеу мен дизайнға кезек келеді. Жаңа сервисті жасауға Kaspi.kz-те әдетте 3-тен 6 айға дейін уақыт кетеді.
Ломтадзенің айтуынша көп сөз бен «абракадабра» жазып тастау оңай, бірақ көптеген командалар нені іске қосуды қалайтынын нақты түсінбейді. Сол себепті сәттілікке жету мүмкіндігі төмен.
Сонымен бірге ол Kaspi.kz-де қаржылық көрсеткіштер іс жүзінде жоқ екенін айтты.
«Біз тек өнімдеріміздің сапасы қандай, клиенттер қаншалықты көп қолданады және оларды қалай жақсартуға болатыны туралы ойлаймыз», деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.