Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Миллиардер Өтемұратовқа тиеселі компаниялар тобының басшысы ауысты  

Миллиардер Өтемұратовқа тиеселі компаниялар тобының басшысы ауысты  

Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиеселі «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов қызметінен кетті. Оның орнына 1 қаңтардан бастап Айдан Аканов тағайындалды. Бұл туралы компаниядан хабарлады.

Компанияны 2012 жылдан бері басқарып келе жатқан Оспановтың қызметінен кететіні, алайда компаниялар тобында қалатыны туралы желтоқсан айында белгілі болған. Бұл туралы экс-директордың өзі әлеуметтік желіде жазды.

 «RG Gold директорлар кеңесін басқарамын және Beeline мен ForteBank директорлар кеңесінде қаламын. Нархоз студенттеріне лиекция оқимын», деп жазды Оспанов.

Оспанов сонымен қатар туған жері Қарағандыдағы аэропортты иесі ретінде басқармақ. Өткен жылдың тамыз айында Қарағанды әуежайының акциялары акционерден топ-менеджерлерге беріліп, Ерлан Оспанов пен Айдан Ақанов оның иелері атанған еді.

Айдан Аканов та компания үшін жаңа тұлға емес. Ол да 15 жылдан бері Верный Капиталда ірі инвестициялық жобаларды дамытумен айналысқан. 2019 жылдан бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары  қызметін атқарып келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. Hofstra University-де MBA дәрежесін алған. Arthur Andersen/Ernst & Young, Canam Pipe & Supply LLP, Kazakhstan Division of Canam Services Inc.компанияларында қызмет істеген.

«Верный Капитал» тобының негізгі акционері Болат Өтемұратов Forbes Kazakhstan-ның 2023 жылғы рейтингінде №6 орынды, жаһандық миллиардерлердің сәуірдегі рейтингінде 1104 орынды иеленген. «ForteBank» АҚ 81,82%, қазақстандық «КаР-Тел» ЖШС, қырғызстандық «Sky Mobile» ААҚ, RG Gold компаниясының 65% ие. Сондай-ақ, Астана, Вена, Мәскеудегі Ritz-Carlton, Rixos Borovoe,  Қазақстандағы Burger King франшизасы, Global Development компаниясы мен Informburo.kz порталы тиеселі, сондай-ақ «31 арна» телеарнасында үлесі бар. Video International Kazakhstan жарнама операторының 50% иесі. Нархоз универистеті мен Алматы, Астанадағы Haileybury мектептері тиеселі.

Ұқсас материалдар